Monthly Archives: қаңтар 2017

ҰҚК террористік ұйымды қаржыландыруға талпынғандардың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік ұйымды қаржыландыруға талпынғандардың жолын кесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 33 адам ұсталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының қатысы бар топтарды жоюға бағытталған арнайы операция туралы айтып берді. Операция барысында ұсталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының мүшелерінен тінту кезінде 15 мың доллардан аса қаражат табылып, тәркіленді. Бұл қаржының қайдан жеткізілгенін және неге бағытталуы керек болғаны жүргізіліп жатқан ...

Толығырақ »

БЖЗҚ басқарма төрағасының адвокаты істің мән-жайын айтып берді

БЖЗҚ ісі бойынша фигуранттардың адвокаты ұсталғандардың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БЖЗҚ төрағасы Руслан Ерденаев пен БЖЗҚ басқарма төрағасы Мұса Бахтовтың адвокаты Александр Блох олардың ешқандай да кінәсі жоқ екенін айтып отыр.»Азаматтық-құқықтық келісімшарт жасалды. Мұның заңды немесе заңсыз екенін тек сот шеше алады. Бұл қылмыстық қудалау органдарындағы қызметкерлердің өкілеттігінде емес. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына келісімшарттың жарамсыздығын ...

Толығырақ »

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 330,54 теңге болды

Қазақстандық қор биржасында (KASE) шетелдік валюталар бойынша сауда сессиясы аяқталды деп хабарлайды KASE. АҚШ долларының таңғы және күндізгі сесиялардағы орташа бағамы бір доллар үшін 330,54 (-0,13 тенге) теңге болды. Сауданың ауқымы 77 700 мың доларды құрады (+12 150 мың USD). inform.kz

Толығырақ »

Жаңа үйлердегі пәтер бағасы арзандады

2016 жылдың желтоқсанында жаңа тұрғын үйдегі пәтердің шаршы метр құны  247,3 мың теңге болды деп хабарлайды Cтатистика комитеті. Жаңа үйлердегі баға 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға төмендеген. Жайғастырылған баспананың құны 2016 жылы 0,7%-ға қысқарып, шаршы метріне 188,6 мың теңге болды.Ал жайғастырылмаған баспананы қайталап сату 3,6%-ға (шаршы метрні е115,3 мың теңге) қымбаттады. Сонымен қатар элиталық баспананың шаршы метр құны желтоқсанда 203,9 мың теңгені құрап, жыл ...

Толығырақ »

Интернет пен әлеуметтік желі қолжетімді бола түседі

2017 жылы Орталық Азия тұрғындарына интернет пен әлеуметтік желі қолжетімді бола түседі. Бұл туралы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз Орталық Азия елдері үшін тағы бір тенденцияны атап өткенді жөн көрдік. Ол да өңірдің дамуына қатты ықпал ететін болады. Ағымдағы жылы өңір халқының кемінде 30 млн. адамы немесе 45 пайызы интернет пен әлеуметтік ...

Толығырақ »

Асад Астанадағы келіссөз нәтижесі кімге тәуелді екенін айтты

Астанадағы Сирия бойынша келіссөз нәтижелері оған қай оппозиция қатысатынына байланысты болады деді Сирия президенті француздық БАҚ-қа берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новостиға сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады. «Онда басқа тараптан кім болады? Біз әлі күнге дейін білмейміз… Нағыз Сирия оппозициясы бола ма? «Нағыз» деп тұрғаным, онда сауд, француз немесе британ негіздері емес, Сириядағы халық бар. Оппозиция сириялық болады деп күтілуде және ...

Толығырақ »

Аптаның экономикалық күнтізбесіндегі маңызды 3 шара

9-13 қаңтар аралығында әлемдік нарыққа айтарлықтай өзгеріс әкелетін 3 оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз. Федералды қор басшылығының мәлімдемесі АҚШ Федералды қор жүйесінің басшылығы осы аптада көпшілік алдына шығып келер айда доллардың базалық үстемесінің көбейер-көбейместігі туралы мәлімдеме жасайды деп жазады америкалық БАҚ. Бейсенбіге дейін АҚШ-тың Бостон, Атланта, Филадельфия, Чикаго мен Далластағы өкілдіктерінің басшылары баспасөз мәслихатын өткізсе, бейсенбіге Федералды қор президенті Джаннет Йелленнің баспасөз ...

Толығырақ »

Қалмұханбет Қасымов Үкімет басшысына есеп берді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру барысы жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды. Министрліктің халық арасында түсіндіру жұмыстары бойынша қабылдаған шаралары, сонымен қатар азаматтардың уақытша келген жерінде тіркеу мәселелері талқыланды. Мәлім болғандай, тұрғылықты ...

Толығырақ »

Головкин салмақ ауыстыра ма?

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес өз шәкіртінің салмақ дәрежесін ауыстыратыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. Санчестің айтуынша, GGG 168 фунтқа көтерілуі мүмкін. «Головкин үлкен жекпе-жектер өткізу үшін 168 фунтқа көтеріліп, қайтадан 160 фунтқа түскені дұрыс деп ойлаймын. Бірақ, меніңше, ол бір жарым жылдан кейін 168 фунтта ...

Толығырақ »

2017 жылы Орталық Азия халқы 70 миллионнан асып жығылады

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай дейді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «2017 жыл демографиялық тұрғыдан алып қарағанда Орталық Азия үшін бетбұрысты болады. Ағымдағы жылы Орталық Азия елдерінің халқы кемінде 70 миллионға жетеді, тіпті одан асып та түседі деп күтілуде. Бұл өте маңызды демографиялық көрсеткіш. Неліктен маңызды? Өйткені осыдан 25 жыл бұрын Орталық Азия халқы не-бәрі 50 миллион адам ...

Толығырақ »