Monthly Archives: қаңтар 2017

1-сынып оқушылары ақпанда қосымша демалады

2016-2017 жылдарға арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн ...

Толығырақ »

Отандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты

Отандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанда шығарылған алғашқы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҒЗИ бас директорының орынбасары Берік Харуллин ойлап тапты. «Үш валентті сплит-вакцинаны клиникалыық зерттеудің бірінші фазасы аяқталды. Бүгінде Қазақстан жыл сайын препаратты шетелден сатып алуға мәжбүр, бірақ жаңадан жасалған отандық аналог шетелдік препараттардан ...

Толығырақ »

Джейкобс Головкиннің басымдықтары жайлы айтты

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты. Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады. «Головкинмен жекпе-жек — спорттағы мансабымның шыңы. Атынан ат үркетін адамның қарсыласым болғанына қуаныштымын. Мен ешқашан оңай жолды таңдамағанмын, таңдағым да келмейді. Жұрт өмірін оңайлатуды сұрап, жалбарынса, мен қиын кедергілерден өтуге күш-жігер сұраймын. Головкинге дәл соққы жасау ...

Толығырақ »

Алматылық оқушылардың көктемгі каникулы не үшін өзгерді?

Алматыдағы мектеп оқушыларының Универсиаданы тамашалауға мүмкіндігі болады. Оларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланды хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға санаулы күндер қалып отыр, оңтүстік астана жылдың ең ірі оқиғасына жіті дайындық үстінде. Бұл білім беру саласына да қатысты, Универсиаданы өткізуге байланысты Алматы қалалық мектептерінде оқитындарға 30 қаңтар мен 8 ...

Толығырақ »

Астананың ауа райы жылынып келеді

Астанада қыс мезгілінде қардың ең көп түсуі 1928 жылы байқалса, ең қарлы ай ретінде 1930 жылдың ақпан айы саналады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «Қардың түсуі туралы айтатын болсақ, ол өзгеріссіз қалған. Бұрқасынның мөлшері де азайып келеді. Бұл жерде жыл өткен сайын атмосфералық құбылыстар жиілігінің өзгерісі байқалып келетіндігін атап өту керек» деді «Қазгидромет» РМК климаттық зерттеулер басқармасының басшысы Светлана Долгих. Қар ...

Толығырақ »

Тіркеуді тоқтата тұрып, Қоғамдық комиссия құрсақ қайтеді?!

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қоғамда наразылық тудырған уақытша тіркеу мәселесіне қатысты пікірін білдіріп, ұсыныс жасады. Ол тіркеуді тоқтата тұрып, жан-жақты талқылау үшін Қоғамдық комиссия құруды ұсынған екен деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Кінәлілерді аты-жөнімен атағаны дұрыс болған екен. Әйтпесе, ІІМ жауапкершілікті Үкіметке артып үйреніп қалған. Олардың өз шешімдерінің салдарын болжай алмайтындығы ғана көрініп қалған жоқ. Бұл ведомствоның ...

Толығырақ »

Елiмiзде жастардың өз жалақысына көңiлi толмайды

Әлеуметтiк сауалнамалардың нәтижесi көрсеткендей, жастардың жартысына жуығының жалақы, стипендияның мөлшерiне және азық-түлiктiң жоғары бағасына көңiлi толмайды. Бұл туралы бүгiн жастар мәселесi қаралған Үкiмет отырысында Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев айтты деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Әлеуметтiк сауалнамаларға сәйкес жастардың 40-тан 50 пайызына дейiн «Қолжетiмдi баспана», «Жұмыспен қамту», «Дипломмен ауылға», басқа да бағдарламалар туралы тек жалпылай ғана естiген. Өзге ...

Толығырақ »

«Серпін» бағдарламасына қатысатындардың жасын ұлғайту қажет

Үкіметтің бүгінгі отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Серпін» бағдарламасын біршама өзгертуді ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның ойынша, аталған бағдарламаға қатысатындардың жасын ұлғайту қажет. Себебі, жастардың бір бөлігі, олардың ішінде колледж студенттері көп жағдайда басқа жерге көшуге дайын болмай жатады. «Бүгінде аталған жоба аясында 22 жоғары оқу орнында 8 400 студент білім алып жүр. Сондай-ақ 54 колледжде шамамен ...

Толығырақ »

Ата-аналар мектептегі жиналысқа қатысу үшiн жұмыстан босатылады

Биылғы жылдан бастап Бiлiм және ғылым министрлiгi «Ата-ана сағаты» ұлттық күнiн өткiзудi қолға алмақшы. Осыған орай министрлiк барлық жұмыс берушiлердi қызметкерлерiн ата-аналар жиналысына қатысу үшiн ертерек босатуды сұрайтын болады деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. «Ата-ананың бала тәрбиесiндегi рөлi төмендеп кеттi деген пiкiрмен келiсемiз. Ата-аналар жиналыстарға бармайды. Ата-аналардың 40 пайызына дейiн 11 жылда мүлде мектепке бармайды» дедi министр Ерлан Сағадиев бүгiн жастар ...

Толығырақ »

Барлық өңірдің жұмыссыз жастары, бірігіңдер!..

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ағымдағы жылы жаңа бағдарламаны пайдаланып, ауылда жұмыссыз жүрген жастарды кәсіпкерлікке баулуды көздеп отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы бес жылдың ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 380 мыңнан астам жасқа мемлекеттік қолдау көрсетілді. «Дегенмен де, қазіргі таңда жастар арасында жіті көңіл бөлуді талап етіп отырған 200 мыңға жуық азамат ...

Толығырақ »