Италиядан келген ғалымдар мен қостанайлық агроөндірістік кешен мамандары ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін жаңашылдықтар туралы кеңес өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиынға Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннели бастаған бір топ делегат қатысты. Олардың арасында ауыл шаруашылығы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Чен Джикуан, ІНЕ институтының (Нидерланды) профессоры Вим Бастиаанссен ...
Толығырақ »Таспа
Қостанай облысына көшіп келушілерге жағдай жасалады
Биыл Қостанай облысына еліміздің басқа өңірлерінен 300-ге жуық отбасы қоныс аудармақ. Олар үшін баспана, жұмыс орындары әзірленді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова айтқандай, биыл жұмыс күшi тапшы аймақтарға отбасыларды көшіру бойынша жоспар жасалды. 2016 жылы Қостанайға басқа облыстардан — 22, 2017 жылы — 30 ғана отбасы қоныс аударған. ...
Толығырақ »Қостанайлықтар VIP-номерлер сатып алуға 38 млн теңге жұмсаған
Жыл басынан бері қостанайлықтар автокөлік нөмірлерін сатып алу үшін 38 млн теңге жұмсады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ІІД Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің мәліметінше, өңірдегі көлік жүргізушілер арасында 010 нөмір белгісі ерекше танымал. Мұндай 54 дана нөмір сатылған. Одан кейін 077 нөмірі 27 көлік иесіне өткен. «Көп сұранысқа ие болған 010, 020, 030, 040, 050, 060, ...
Толығырақ »Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге Қостанайдан пәтер беріледі
Пхенчхандағы Паралимпиадада «алтын» медальды жеңіп алған Александр Колядинге Қостанайдан үй берілмек деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін облыс әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстары сараланып, алдағы жылға есеп берілді. Жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Паралимпиадада Қазақстан құрамасы сапында абыройлы өнер көрсеткен Александр Колядинге құрмет көрсету керектігін айтты. «Александр Колядин ел спортының тарихына ...
Толығырақ »Қостанайда асыл тұқымды мал арнайы чип арқылы қорғалмақ
Қостанайдағы «Астық индустриясы» ірі агрохолдингі Цифрландыру бағдарламасы аясында төрт түлікті чиптеуді бастамақ деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарабалық ауданында орналасқан «Астық индустриясы» агрохолдингі құрамына «Север-Агро Н» асыл тұқымды мал шаруашылығы комбинаты, «Терра» бордақылау алаңы, «Тоғызақ» астық өнімдері комбинаты және «Ақ-Бидай-Агро» фирмасы секілді бірқатар нысан кіреді. Бүгін агрохолдингтің алдағы жұмыс жоспары мен жетістіктері шетелдік ғалымдарға таныстырылды. «Біздің облыста АӨК цифрландыру пилоттық жобасына қатысуға ...
Толығырақ »Рудныйда цемент зауыты іске қосылады
Биыл маусым айында Рудныйда салынып жатқан цемент зауыты пайдалануға беріледі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Зауыттың бас меңгерушісі Артем Макласов нысанның құрылыс жұмыстары бітуге таяу екенін айтады. «Қазіргі уақытта құрылыс 98%-ға аяқталып тұр. Маусым айында пеш жағуды бастаймыз. Осы айда жолға қажетті шикізаттар жеткізіледі. Жақында зауыт ішіндегі айналмалы пештің қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылғылар сатып алынды. Біздің ...
Толығырақ »ҚМПИ университет мәртебесіне ие болды
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында оқу орнының ректоры Еркін Әбіл мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы 5-6 жылда ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары білім алуға қолжетімділік деңгейін арттыруға байланысты біраз талап қойды. Соның бірі магистратура мен докторантураға жол ашу екені белгілі. Біздің институт жаңа мәртебе алу үшін көп жұмыс ...
Толығырақ »Қостанайлық жастар Аягөзге көмек жеткізетін демеуші іздейді
Қостанай облыстық Жастар ресурстық орталығы ШҚО Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қор құрды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету мақсатында әр облыста арнайы штабтар ашылып, қор құрылып жатқаны белгілі. Сауапты іске Қостанай облыстық Жастар ресурсы орталығы да қосылды. «Біздің орталық «Қайырымдылық айлығы» шеңберінде Аягөзде су тасқынынан қиындыққа ұшырағандарға көмектесу ...
Толығырақ »Қостанай облысының кәсіпкерлері сертификат алу үшін сандалып жүр
Шалғай аудандардағы кәсіпкерлер тауардың шығу сертификатын алу үшін облыс орталығына баруға мәжбүр. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен жиында көтерілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қарабалық ауданындағы «Терра» ЖШС басшысы Дәулет Ахметқалиев аудан облыс орталығынан қашық орналасқандықтан тауар сертификатын алу қиынға соғатынын айтады. «Терра» өнімдері Қостанай облысы мен Астананың сауда алаңдарын қамтып, Ресейге экспортталады. Серіктестік базасында 8000 ірі қара ...
Толығырақ »Мемлекеттік қызметшіні ынталандыру қажет
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаментінде өткен жиында мемқызметшілерге еңбекақы мен сыйақы төлеу мәселесі қозғалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Биыл Ұлт Жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыру шеңберінде пилоттық режимде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілді. Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы бекітілген қағидамен емес, атқарған жұмысына байланысты есептелмек. Департаменттегі жиында ...
Толығырақ »