Таспа

Tag Archives: ҚР Білім және ғылым министрлігі

Қазақстандағы 20 ЖОО-ның лицензиясы қайтарылып алынды

Білім сапасына қойылатын талапқа сай емес еліміздегі 20 оқу орнының лицензиясы қайтарылып алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өздеріңіз білетіндей, «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде Елбасының тапсырмасы бойынша қосымша 20 мың грант бөлінген болатын. Бұл гранттар бойынша студенттер оқуын бастап кетті. Енді осындай мемлекеттен қамқорлық болып жатқаннан кейін, әрине, біздің оқу орындарының жауапкершілігі де арттырылуы керек», — деді Білім және ғылым вице-министрі ...

Толығырақ »

Алматыда «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті

Таяуда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті деп хабарлайды  tobyl-torgai.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «HackDay 2018» фестиваліне 5 бағыт бойынша 3148 қатысушы қатысып, 500-ден астам жоба ұсынылды. Олар — «Ақпараттық технологиялар», «Контент және ...

Толығырақ »

Сенатта білім беруге қатысты жайттар қаралды

ҚР Парламенті Сенатында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімованың төрағалығымен өткен Үкімет сағатында орта білім берудің жай-жапсары талқыға салынды. Отырыс 2017 жылғы 22 қыркүйекте «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу келешегі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау ұсынымдарының іске асырылу нәтижелерін тыңдауға арналды. 108 мектеп салынып жатыр Үкімет сағатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төр­тінші өнеркәсіптік револю­ция жағ­дайын­дағы дамудың ...

Толығырақ »

Қай пәнге басымдық беруді мектептер өздері шешеді

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева енді білім ордалары қандай пәнге басымдық беруді өздері шешетінін мәлімдеді деп хабарлады tobyl-torgai.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. ҚР Парламенті Сенатында өткен Үкімет сағатынан соң вице-министр журналистерге білім беру саласындағы реформаларды түсіндірді. Ол мектептерге енгізіліп жатқан типтік оқыту бағдарламасының маңызына тоқталды. «Біз типтік оқыту бағдарламасын әзірлеп, мектептерге бердік. Осылайша, білім ордалары оқыту бағдарламасын өздері таңдайды. Мысалы, ...

Толығырақ »

ДИРЕКТОРЫН САЙЛАП АЛҒАН ЛИЦЕЙ

Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша білім беру мекемелері жанынан Қамқоршылық кеңес ұйымдары құрылған болатын. Қамқоршылық кеңестер дегеніміз — білім берудің сапасын, мұғалім, ата-ана мен оқушылардың қарым-қатынасын, бюджеттік және қайырымдылық мақсатта берілген қаржыларды бақылайтын халық өкілдерінің тобы. Оның көздеген негізгі мақсаттарының бірі – білім беру мекемесі басшылығының жұмысына баға беру, оқушылардың білім алуына барынша жағдай жасау, сол арқылы ...

Толығырақ »

Кейбір ЖОО-да жатақхана орындары көбейеді

Алдымыздағы жылы еліміз бойынша студенттік жатақханаларды жаңа орындармен қамтамасыз етудің алғышарттары жасалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мемлекет басшысының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде студенттер жатақханаларын жаңа орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс отырысы өтті. Жиын барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, бағдарламаны жүзеге асырушы оператор Қаржы орталығы және бірқатар ЖОО, ...

Толығырақ »

Үздік ұстаздарға 2 млн 405 мың теңгеден табыс етілді

Бүгін Астана ЭКСПО-2017 аумағында «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр. Іс-шара барысында 64 үздік ұстаздың әрқайсысына 2 млн 405 мың теңгеден табыс етілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шарада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Бүгін бәріміз үшін өте қуанышты күн. Өйткені, білім саласында жұмыс істеп жатқан мамандарға, ...

Толығырақ »

Білім беру жүйесіндегі жаңалықтар және оқу жылының басталуына дайындық

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқу жылының басталуы қарсаңында баспасөз конференциясында қазақстандық білім беру жүйесінде қандай жаңалықтар болатыны туралы айтып берді деп хабарлайды  primeminister.kz. Министр өз сөзінің басында былтыр Президенттің жас ұрпаққа және педагогтер қауымына үлкен қамқорлық танытқанын, білім беру жүйесіне үлкен көңіл бөлінгенін, жалпы алғанда көптеген мәселелер шешілгенін еске салды. Министр БҒМ-нің басты міндеті — үлкен жауапкершілікпен жұмысты ...

Толығырақ »

Қостанай облысының 3 ауданы оқулықтарды өз күштерімен тасымалдауға мәжбүр

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында  білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аударып, күнделікті мониторинг жүргізуде деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы  республика бойынша 2018-2019 оқу жылына  жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8-сыныптарға арналған  12 млн астам оқулық сатып алынды. Бұл сыныптардағы оуқшылар саны – 906 мың. Баспалар оқулықтардың ...

Толығырақ »

Алматыда футзалдан әлем біріншілігі өтеді

Бұл жолы қай ел футболшыларының бағы жанады? Алматы шаһарында 19-26 тамыз аралығында футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі басталады. Бұл жарыста 16 ерлер және әйелдердің 9 командасы сынға түседі. Дүбірлі доданың салтанатты ашылуына  FISU Бас хатшысы Э.Сентрон, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті Қ.Закирьянов, FISU вице-президенті ...

Толығырақ »