Таспа

Былтыр елімізге 33,7 мыңнан аса қандасымыз келген

2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5 пайызы Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ 24,9 пайызы — Қытайдан, 3,2 пайызы — Түрікменстаннан, 2,7 пайызы — Моңғолиядан, 3,7 пайызы — өзге елдерден оралған қандастарымыз» делінген министрліктің хабарламасында. ...

Толығырақ »

Астана су тасқынына дайындалуда

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық шеңберінде мәселелі учаскілерді аралау жұмыстарын бастады. Елордада су тасқынына көбінесе жеке тұрғын секторлары ұшырайды деп хабарлайды astana.kz. Кіші Талдыкөлдің су жиналатын ауданына шығу барысында су жинағышта жиналған суларды бұрып ағызып жіберу және Тұран даңғылы бойымен қорғау дамбасын көтеру мәселесі қаралды. Атқарылатын іс-шаралар көктемгі су тасқынына байланысты ...

Толығырақ »

Елжан Біртанов — ҚР Денсаулық сақтау министрі, Тамара Дүйсенова — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі болып бөлініп, қос ведомствоның басшылары тағайындалды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Елбасының Жарлығымен Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды. Тамара Босымбекқызы 1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік ...

Толығырақ »

Арқалықта қарға батып қалған балықшылар құтқарылды

24 қаңтарда Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне боран кезінде Арқалық қаласынан 90 шақырым жердегі «Бекен» су қоймасында балықшылардың қалып қойғаны жөнінде хабар келіп түскен. Арқалық қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары ГТ-ТБ арнайы техникасымен көлге бет алды. Құтқарушылар бес адамды және олардың қар басып қалған екі автокөлігін тауып алды деп хабарлайды ТЖК-ның баспасөз қызметі. Қарға батып, шыға алмай қалғандардың көлден ...

Толығырақ »

Еліміздің ЖОО-ларында қайта тестілеу өткізілді

2017 жылғы қаңтардың 19-24-і аралығында ел өңірлеріндегі жоғары оқу орындарында былтыр оқуға шартты түрде қабылданған студенттер кешенді тестілеуден өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2016 жылы талапкерлерге қиыншылықтар тудырып келген моральдық-психологиялық проблемалар қатарын жойып, жоғары білім алу мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдететін шаралардың енгізілгені көпшілікке белгілі. Былтырғы жазда өткізілген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері ...

Толығырақ »

Лисаковскіде жас жігітті алты сағат бойы азаптап өлтірген

Қостанай облысында 22 жастағы жігітті алты сағат бойы қинап өлтірген. Қайғылы оқиға Лисаковск қаласында күдіктілердің бірінің пәтерінде болған. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы Қайрат Жүсіповтің мәлімдемесінен белгілі болды деп хабарлайды alau.kz. Пәтерде төрт адам спирттік ішімдік ішіп отырған. Олардың ішінде пәтер иесі, оның әпкесі мен екі танысы болған. 17 қаңтар күні таңғы сағат 04:00-де пәтер иесі, оның досы ...

Толығырақ »

Елімізде тіркелмеген телефондар бұғатталады

Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.Жаңа нормаларына өткен жылдың 22 желтоқсанында қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроризм мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңда телефондардың идентификациялық кодтарын бірыңғай базаға тіркеудің міндетті екені көрсетілген. Қазір Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру жұмыстары басталды. Kcell мен Beeline баспасөз ...

Толығырақ »

Леонардо Ди Каприо Қазақстанға не үшін келеді?

Голливуд актері, БҰҰ-ның климат проблемалары жөніндегі бейбітшілік елшісі, «Оскар» сыйлығының лауреаты Леонардо ди Каприо Қазақстан Үкіметі мен Жолбарыстардың популияциясын қайта қалпына келтіру жөніндегі жабайы табиғат қоры арасындағы келісімге қол қою рәсіміне қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап ...

Толығырақ »

Астанада үй бағасы арзандап жатыр

Астанада ұсыныстың орташа бағасы 1088 $/шаршы метр немесе 360 мың тг/шаршы метр деңгейінде сақталуда деп жазады kn.kz. Нарықтағы барлық сегментте арзандау бар. Елорданың қайталама нарығына жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, 16-22 қаңтар аралығында теңгемен белгіленген баға 1,26 пайызға азайып, доллармен қойылған баға 1,04 пайыз қымбаттаған. Астанада үй алу қазіргі таңда орташа есеппен 26 339 000 теңге тұрады. Жеті күн ішінде бұл көрсеткіш 1,99 пайызға ...

Толығырақ »

Былтыр 348 үміткер PhD дәрежесін алды

2016 жылы 377 PhD үміткер өз зерттеулерін шетелдік басылымдарда жариялады, оның ішінде 348-і, ал 2015 жылы 451 үміткердің 407-сі PhD дәрежесін алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2016 жылы философия докторының дәрежесі және ғылыми атақтар алуға үмітті жұмыстарды жариялауға болатын журналдарға қойылатын талаптарды күшейтетін және қатаң регламенттейтін бірқатар нормативтік құқықтық құжаттар қабылданған болатын. Осы ретте ...

Толығырақ »